1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
3 наурыз 10:18
 

"Реал" бапкері сенсациялық жеңіліске кім кінәлі екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Реал" бапкері сенсациялық жеңіліске кім кінәлі екенін айтты © "Реал" Мадрид ФК

Мадридтік "Реал" клубының бас бапкері Альваро Арбелоа Ла Лиганың 26-турында "Хетафе" командасынан ұтылуыға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реал" клубының бас бапкері Альваро Арбелоа Ла Лиганың 26-турында "Хетафе" командасынан ұтылуыға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Финалдық ысқырықтан кейін корльдік клуб тізгінін ұстаған маман сылтау іздемей, жауапкершілікті толықтай өз мойнына алды.

"Мен кінәлімін. Бұл — тек менің қателігім. Бүгін жанын салған футболшыларды айыптауға ниетім жоқ. Әрине, даму мүмкіндігі бар, бірақ, басты жауапкершілік маған жүктеледі", - деді Арбелоа баспасөз мәслихатында.

— Чемпиондық қолдан кетті деп айтуға бола ма?

"Жоқ, алда әлі 36 ұпай сарапқа салынады. Біздің мақсат — мүмкін болғанынша максимумды жинау. Мұнда ешкім берілмейді, жіберген мүмкіндікті қайтаруға қабілетіміз жетеді. Себебі бұл — "Реал" Мадрид, ал бұл клубта ешкім қол қусырып отырмайды", — деп береді маманның сөзін Marca.

26 турдан кейін "Реал" 60 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр. Көш басында — 64 ұпай жинаған каталониялық "Барселона".

Ал маңызды жеңіске қол жеткізген "Хетафе" 32 ұпаймен 11-сатыға көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!