"Реал" бапкері Чемпиондар лигасында абсолют рекорд орнатты

©realmadrid.com

Мадридтік "Реалдың" бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лиагсында өткізген матчтер саны бойынша абсолют рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист Педро Мартиннің мәліметінше, "Челсимен" ойын маман үшін карьерасындағы 215-ші матч болды ( ойыншы әрі бапкер ретінде де). Бұл турнирдің жаңа рекорды:

Карло Анчелотти - 215 (21+194);

Алекс Фергюсон - 214 (0+214);

Хосеп Гвардиола - 210 (49+161);

Арсен Венгер - 208 (0+208).

Еске салайық, ойынның өзі 2:0 есебімен испаниялық клуб пайдасына аяқталды. Қарымта матч 18 сәуір Англияда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport