"Реал" бапкері чемпион болған Аргентина жайлы пікір білдірді

20 желтоқсан 2022 14:43
©twitter.com/realmadrid

"Реал" бас бапкері Карло Анчелотти Қатардағы әлем чемпионатында Аргентинаның жеңісіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Аргентина лайықты түрде жеңіске жетті. Олардың командасында көптеген мықты ойыншылар бар. Ең маңызды футболшы ол әрине Лионель Месси. Ол нағыз көшбасшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді", - дейді Анчелотти.

Еске салайық, Қатардағы мундиальдың финалында Аргентина құрамасы Францияны пенальти сериясында ұтып, өз тарихында үшінші рет чемпион атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар