Айта кетейік, валлиялық футболшы "Реалдағы" еңбекақысы ең жоғары футболшылардың бірі - жылына 17 миллион еуро.
Сондықтан "Реал" Бэйлді сатуға қарсы емес, ал трансфер соммасы 20 миллион еуродан аспауы мүмкін. Осылайша, команда еңбекақыға жұмсайтын қаржысын үнемдемек.
Бэйлдің "Реалмен" келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Осы маусымда футболшы "Реал" үшін Ла Лигадағы 14 матчте екі гол салып, екі нәтижелі пас берді.