"Реал" әлемнің ең қымбат футболшысының трансферімен тарихи рекорд орнатпақ
© gooool.org
Франция құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппені мадридтік "Реал" сатып алмақ, - деп хабарлайды France Football.
Басылым мәліметінше, "Реал" басшылығы футболшының трансфері бойынша келіссөздер бастап, ол үшін 280 миллион еуро беруге дайын.
Франциялық футболшыға клуб басшысы Флорентино Перес пен бас бапкер Зинедин Зидан қызығып отырғанға ұқсайды. Айта кетейік, "Реал" Мбаппемен 2017 жылы келісімшарт жасасуға дайын еді, алайда, ол кезде ойыншы париждік клубты таңдаған болатын.
AS.com мәліметінше, Мбаппенің өзі ПСЖ-ның Чемпиондар лигасы 1/8 финалынан шығып қалғаны мен "Марсельмен" ойынға кешіккен үшін салынған 180 мың еуро айыппұлға қатты наразы екен.
Егер Мбаппе "Реалға" өтуге келіссе, оның трансфері футбол тарихындағы ең қымбаты болады. 2017 жылы Неймар "Барселонадан" ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысып, тарихи рекорд жасаған.
Биылғы маусымда Мбаппе Франция чемпионатындағы ПСЖ үшін 23 матчте 26 гол салып, он нәтижелі пас берді. Өткен жазда Франция құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатын ұтып, ең үздік жас ойыншы атанған. CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының тұжырымы бойынша Мбаппе әлемнің ең қымбат ойыншысы деп мойындалып, трансферлік құны 2016,5 миллион еуроға бағаланған.

Жарнама