"Реал" әлем чемпионынан бас тартты

©readfootball

"Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Поль Погба маусым соңында "корольдік" клубқа ауыспайды, деп жазады Marca басылымы.

Жаздың алғашқы күндерінде француз ойыншысы еркін агент атанады. Алайда "Реал" басшылығы 2018 жылы Ресейдегі футбол тойында әлем чемпионы атанған Погбаны командаға қоспайды.

Ол "қызыл сойқандар" командасында өткізген соңғы 23 матчта бір гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Поль Погба "Ювентуспен" Италияның төрт дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар, ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының күміс медалін мойнына тақты. 2016 жылы Погба "Ювентустен" Англияның "Манчестер Юнайтедіне" 105 миллион еуроға ауысты. Дәл қазір француз футболшысының трансферілк құны 55 миллион құрап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport