Мадридтің "Реал" клубы болашағы үшін маңызды болуы мүмкін трансферге дайындалып жатыр. Қазірдің өзінде "Жаңа Месси" атанып кеткен 17 жастағы аргентиналық вундеркинд Франко Мастантуононы командандада маңызды позицияға қоймақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Madrid Zone мәліметінше, ол бірден жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен негізгі құрамнан орын алады. Бұған дейін "корольдік клубтың" аргентиналық "Ривер Плейтпен" Франко Мастантуононы 46 миллион еуроға сатып алу жөніндегі келіссөздері аяқталғаны хабарланған еді. Жас жартылай қорғаушымен келісімшарт 2031 жылға дейін жасалған, ал трансфер құны бірнеше кезеңмен төленеді.
"Ривер Плейтпен" келіссөздер соңғы сатыда тұр және "Пари Сен-Жерменнің" қызығушылығына қарамастан, Мастантуоно "Реалдың" таңдаған екен.
Жарнама