Мадридтік "Реал" 2023 жылдан бері алғаш рет "Алтын доп" марапаттау рәсіміне өз өкілдерін жібереді, деп хабарлайды Vesti.kz L'Équipe басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, іс-шараға испаниялық клубтың бірнеше футболшысы қатысады.
"Реалдың" қай ойыншылары "Алтын допқа" үміткер?
Биыл "Реалдың" төрт ойыншысы "Алтын допқа" үміткерлер тізіміне енді. Олар - Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем және Марк Кукурелья.
Сонымен қатар Тибо Куртуа үздік қақпашыға берілетін жүлдеге, Ян Диоманде үздік жас ойыншы атағына, ал Фелиция Шрёдер үздік жас футболшы қызға арналған марапатқа үміткер.
"Реал" бойкотты тоқтатты
Еске салайық, "Реал" 2024 және 2025 жылдары марапаттау рәсіміне бойкот жариялаған болатын. 2024 жылы "Алтын доп" "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Родриге берілетіні белгілі болған соң, мадридтік клуб рәсімге барудан бас тартты. Ол кезде "Реал" мұндай шешімді клубқа деген құрметсіздік деп бағалаған еді.
Бір жылдан кейін мадридтіктер бұл шараға тағы да қатыспады деуге болады. Команда атынан әйелдер құрамасының футболшысы Кэролайн Уир ғана барған.
"Алтын доп"-2026 қашан және қайда табысталады?
2026 жылғы марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл "Алтын доп" тарихындағы 70-ші салтанатты рәсім.
Қазіргі таңда "Алтын доптың" иегері - ПСЖ мен Франция құрамасының вингері Усман Дембеле.
Жарнама