Мадридтік "Реал" 16 жастағы ағылшындық дарынды футболшы Джереми Монганы трансфері үшін "Барселонамен" бәсекеге түспек, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барселона" 16 жастағы вундеркиндке көз тікті
Каталониялық клуб жас таланттарды іздеу дәстүрін жалғастырып, "Лестер Сити" командасының келешегі зор вингеріне қызығушылық танытты. Монга жуырда өзінің алғашқы кәсіби голын соғып, Чемпионшиптегі ең қызықты ойыншылардың біріне айналды. Екі қапталда да ойнай алатын әмбебаптығы оны кез келген команда үшін құнды актив етіп отыр.
"Реал" жас дарын үшін "Барселонамен" таласуға дайын
Алайда бұл мәселеде каталондықтардың басты қарсыласы пайда болды. Semprebarca дерегінше, мадридтік "Реал" да Монгаға айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. "Корольдік клуб" ағылшын ойыншысын ұзақ мерзімді жоба ретінде қарастырып, трансфер бойынша каталондықтарға бәсекелес болмақ.
Трансфер екі жылдан кейні ғана мүмкін
Қызығушылық жоғары болғанымен, футболшының басқа клубқа тез ауыса қою екіталай. Дереккөз мәліметінше, ФИФА ережесіне сәйкес, шетелдік клубпен ресми келісімшартқа қол қою үшін футболшының жасы 18-ге толуы керек. Осы уақытқа дейін клубтар "Лестермен" алдын ала келісім ғана жасай алады. Демек, Монганың болашағы тек екі жылдан кейін ғана шешіледі.
Жарнама