"Реал" 16 жастағы футболшыны 72 миллионға алмақшы

7 желтоқсан 2022 18:14
©MARCA.COM

"Палмейрастың" 16 жастағы шабуылшысы Эндрик Фелипе "Реалға" ауысады, деп жазады Marca басылымы.

Бразилиялық ойыншы ол үшін әкесімен бірге Испания астанасына ұшып келеді. Себебі футболшы кәмелет жасына толмаған.

Бір қызығы, "корольдік" клуб "Палмейрасқа" 60 миллион еуро, жалпы трансфер үшін 72 миллион еуро төлеуге дайын.

Алайда Эндрик 2024 жылға дейін яғни 18 жасқа толғанша мадридтіктер сапында ойнай алмайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport