Футбол
21 маусым 2022 02:04

Райан Гиггз Уэльс құрамасынан кетеді

championat

Футболдан Уэльс құрамасының бас бапкері Райан Гиггз қызметінен кетуге мәжбүр. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Гиггз Уэльс құрамасы әлем чемпионатына алаңсыз дайындалсын деген ниетпен кетпекші. Экс-футболшыға бұрынғы сүйіктісін ұрды деген айып тағылып, тергеу жүргізілуде.

2020 жылдан бері басы даудан арылмаған Райан Гиггздің орнына команданы Роб Пейдж уақытша басқарып келді. 1958 жылдан бері әлем чемпионатына енді жолдама алған Уэльc құрамасы Катардағы футбол тойында Англия, АҚШ және Иран командаларымен бір топта ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport