Футбол
24 шілде 09:38
 

Рашфорд "Барселонада" аңыздар ойнаған санды таңдады

  Пікірлер

blog.share

Рашфорд "Барселонада" аңыздар ойнаған санды таңдады © "Барселона" ФК

"Барселонаның" жаңа ойыншысы атанған англиялық шабуылшы Маркус Рэшфорд каталондық клубтағы қай нөмірмен таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Барселонаның" жаңа ойыншысы атанған англиялық шабуылшы Маркус Рэшфорд каталондық клубтағы қай нөмірмен таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Форвард испаниялық клубта 14-нөмірмен өнер көрсететін болады - бұл туралы Diario Sport басылымы хабарлады. Дәл осы нөмірлі футболканы ағылшын футболшысы 2015/2016 жылғы маусымда "Манчестер Юнайтедтің" жастар командасында киіп жүрген екен. Сонымен қатар, оның балалық шағындағы кумирі - каталондық клубта осы нөмірмен ойнаған француз Тьерри Анри болыпты.

Бұған дейін "Барселонада" 14-нөмір атақты болгар футболшысы Христо Стоичков пен аргентиналық Хавьер Маскераноға тиесілі болған. Соңғы жылдары бұл нөмірмен алаңға шыққан ойыншылардың қатарында бразилиялық Филиппе Коутиньо, нидерландтық Мемфис Депай, португалиялық Жоау Феликс және испандық Пабло Торре бар.

Еске сала кетейік, "Манчестер Юнайтедтен" Рэшфордты ресми түрде "Барселонаға" жалға берді. Келісім 2025/26 жылғы маусымның соңына дейін жасалған және құжатта сатып алу құқығы қарастырылған. "Юнайтедтің" негізгі құрамында Рэшфорд 19 және 10-нөмірлермен ойнаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!