"Рамостың бойында көшбасшылық қасиет бар". Нассер Әл-Хелаифи қорғаушы жайлы жылы пікір білдірді

сурет: twitter

ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифи испаниялық қорғаушының париждік клубқа ауысуы жайында пікір білдірді.

"Ол - футбол әлеміндегі ең мықты ойыншылардың бірі. Рамостың бойында көшбасшылық қасиет бар. Біздің команданың мүшесі болғанына қуаныштымын", - дейді Әл-Хелаифи клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Серхио Рамос биыл маусым айында "корольдік" ұжыммен келісімшарты аяқталған соң еркін агент атанған. Transfermarket сайты Рамосты 10 миллион еуроға бағалаған. Енді "Реалдың" экс жұлдызы ПСЖ сапында 2023 жылға дейін ойнамақ.

Метки:
Жаңалықтар