Рамос ПСЖ сапына ауысуға жақын

сурет: getty images

"Реалдың" бұрынғы капитаны Серхио Рамос ПСЖ сапына ауысуға жақын, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазіргі таңда клуб пен футболшы келіссөз жүргізіп жатыр. Келіп жеткен мәліметтер бойынша, 35 жастағы қорғаушы париждіктердің сапында 2023 жылға дейін доп тебуі мүмкін.

Еске салсақ, жуырда әйгілі испаниялық ойыншы араға 16 жыл салып "Реал" сапынан кеткен болатын. Корольдік командада әртүрлі жарыстарда 72 гол соғып, XXI ғасырда Испания чемпионатындағы қорғаушылар арасындағы үздік сұрмерген болған. Сонымен қатар, өз құрамасымен 2008 және 2012 жылдары Еуропа және 2010 жылғы әлем чемпионы атанған.

Метки:
Жаңалықтар