Рамос пен Пике әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

©Globallookpress.com

35 жастағы "Барселона" қорғаушысы Жерар Пике Катардағы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Marca басылымы мәлімдеді.

Футболшы Испания құрамасына шақырту алған 55 ойыншының қатарында бар. Сонымен қатар, кеңейтілген құрамда ПСЖ қорғаушысы Серхио Рамос та бар. Алайда екеуінің де нақты құрамға ілігу турасында кепілдік жоқ.

Жерар Пике мен Серхио Рамос 2010 жылы Испания құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2008 және 2012 жылдары Еуропа біріншілігінің алтын медалін иеленді.

Еске салайық, Луис Энрике жаттықтыратын Испания құрамасы биыл Катардағы мундиальда Е тобында Германия, Коста-Рика және Жапония командаларымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар