Рамос пен Де Хеа жоқ! Испания әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

©lafuriaroja.ru

Футболдан Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике Катардағы әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Тізімге 26 футболшы кірген. Бірақ, олардың қатарында "Манчестер Юнайтед" қақпашысы Давид Де Хеа мен ПСЖ қорғаушысы Серхио Рамос кірмеген. 

Айта кетейік, Испания құрамасы Е тобында Коста-Рика, Германия және Жапония құрамаларына қарсы ойнайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport