Ральф Рангник Аустрия құрамасын баптауы мүмкін

©Reuters

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Ральф Рангник Аустрия құрамасын тізгіндемек, деп хабарлайды Kurier басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, неміс маманы Аустрия құрамасының ұсынысын қабыл алған. Бүгін, 29 сәуірде жергілікті футбол федерациясының басшысы Герхард Миллетич ұйымға Рангниктің кандидатурасын ұсынады, содан кейін ғана Ральф Аустрия құрамасын тізгіндеуі ықтимал.

Ральф Рангник "Манчестер Юнайтедті" 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бері жаттықтырып келеді. Ол маусым аяқталған соң клубта қалып кеңесші қызметіне тағайындалады. Неміс маманы "өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай" екі жерде жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар