"Ракув" мықты болып шықты". "Астана" бапкері КЛ-дегі сәтсіздік жайлы

©Астана ФК

"Астана" футбол клубының бас бапкері Срджан Благоевич Конференция лигасында Ракувпен өткен ойыннан кейін жеңілістің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ең алдымен қарсыласымызды келесі кезеңге шығуымен құттықтаймын! Олар топтық кезеңге өтуі мүмкін мықты командадардың бірі екен. Қазақстандық командаларға түскен ең мықты қарсылас деп айтуға болады. Тіпті, "Кишварда", "Ференцвароштан" да мықты екен. Бірақ қарымта ойында біздің футболшылар жанын салып ойнады. Қарсылық таныта білді. Өкініштісі гол соға алмадық. Дәл қазіргі сәтте "Ракув" мықты болып шықты. Енді бар күшімізді Қазақстан кубогі мен ел біріншілігіне саламыз", - дейді сербиялық маман.

Еске салайық, еліміздің алты дүркін чемпионы биылғы еурокубок маусымын Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастап, қос матч нәтижесінде Польшаның "Ракув" клубына 5:0, 1:0 есебімен ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport