"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Иван Ракитич команданың шабуылшысы Лионель Месси Испанияның гранд клубымен келісімшартын созу керек деп есептейді. Хорватиялық футболшының пікірінше, Аргентина құрамасының ойыншысы қазір қолда барын басқа жерден таба алмайды, - деп хабарлайды
championat.com.
"Месси "Барселонада" барын еш жерден таппайтынын біледі. Бәріміз Мессидің өз бутсыларын біздің клубымызға ілгенін қалаймыз. Құдайым оны "Барселонада" қалатындай еткей", - деп келтіреді Ракитич сөзін RAC1
Қазіргі кезде клуб басшылығы Мессимен келісімшартты ұзарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Футболшының қазіргі келісімшарты 2018 жылдың жазына дейін.
Жарнама