Рахмонов пен Исмағұлов футбол ойнады

©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Елордада бұрынғы кәсіпқой ойыншылар мен елге танымал шоу-бизнес өкілдері арасында Sparta Astana Promotion мен GIMPEXT (Түркия) командалары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық команда сапында КВН және шоу-бизнес өкілдерінен бөлек, Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов, "Барыс" пен Қазақстан құрамасының хоккейшісі Никита Михайлис, футболдан ұлттық құраманың экс-мүшелері Қайрат Нұрдәулетов, Жамбыл Көкеев және Ұлан Қонысбаевтар болды. Сонымен қатар, UFC лигасының жауынгерлері Шавкат Рахмонов пен Дамир Исмағұловтар доп тепті.

Қонақтар сапында "Галатасарай", "Бешикташ", "Трабзонспор" және "Денизлиспор" клубтарының бұрынғы ойыншылары және "Сұлтан Сүлейман" телехикаясының танымал актері Эркан Кестендиль ойнады.

Тартысты матч 3:2 есебімен түркиялықтардың пайдасына аяқталды. Қазақстандық команданың сапында екінші голды ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар