Рахим Стерлинг "Челсиге" ауысты

©chelseablues.ru

"Манчестер Сити" мен Англия құрамасының ойыншысы Рахим Стерлинг "Челсиге" ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

27 жастағы ағылшын футболшысы Лондонда 2027 жылға дейін доп тебеді. Түрлі ақпарат көздерінің мәліметінше, Томас Тухель командасы Рахим үшін 53 миллион еуродан 65 миллион еуроға дейін қаржы төлеген.

Ал Transfermarkt сайты Стерлингті 63,7 миллионға бағалап отыр. Шабуылшы 2015 пен 2022 жылдары төрт рет Англия чемпионатын жеңіп алды.

Биылғы маусымда клуб сапында 47 матчта 17 гол соқты. Сонымен қатар, 10 рет нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport