Футбол
Бүгін 16:36
 

Рафинья келесі маусымға таңдауын жасады: футболшы клуб өкілімен кедесті

  Пікірлер

blog.share

Рафинья келесі маусымға таңдауын жасады: футболшы клуб өкілімен кедесті ©Depositphotos/mrogowski_photography

Каталондық "Барселона" Рафиньяны командада сақтап қалуға ниетті және клуб капитанымен келісімшартты ұзарту үшін бірінші қадамды жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Каталондық "Барселона" Рафиньяны командада сақтап қалуға ниетті және клуб капитанымен келісімшартты ұзарту үшін бірінші қадамды жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Деку мен Рафинья кездесті

Sport.es мәліметінше, каталондық клубтың спорттық директоры Деку бразилиялық футболшымен оның болашағын талқылау үшін кездесті.

Дереккөздің хабарлауынша, тараптар жергілікті мейрамханалардың бірінде бейресми түскі ас ішкен. Кездесуге Деку мен Рафиньядан бөлек, футболшының жұбайы және "Барселонаның" кеңесшісі Алехандро Эчеваррия да қатысты.

Каталондық клуб вингермен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі және жаңа келісімшарт бойынша келіссөз бастауға дайын.

Рафиньяның өзі де "Барселонада" қалғысы келеді және келісімшартты ұзартуға кедергі келтіретіндей талап қоймақ емес.

Рафиньяның "Барселонадағы" карьерасы

Бразилиялық футболшы 2022 жылдың жазында "Лидс" клубынан каталондық командаға ауысты. Бонустарды есептегенде, оның трансфері "Барселонаға" 67 миллион еуроға түсті. Футболшының қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген.

2024/25 маусымында Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанған Рафинья жаңа маусымды да нәтижелі бастап отыр. Ол ресми алты матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

"Барселона" да маусымды сәтті бастады. Испания чемпионатының бес турында 15 ұпайдың барлығын жинаған каталондық клуб турнир кестесінде көш бастап келеді. Келесі матчта команда "Расингпен" кездеседі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!