Бразилия құрамасының шабуылшысы Рафинья Диас каталондық "Барселона" клубымен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рафинья "Барселонамен" келісімшартын ұзарттыИнсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар толық келісімге келді. Келісімшартты ұзарту туралы ресми хабарлама мен соған байланысты рәсім жұма, 9 қазанда өтуі мүмкін. Ол үшін барлық қажетті құжат жоспарға сай рәсімделуі керек.
Бразилиялық футболшының "Барселонамен" бұған дейінгі келісімшарты 2028 жылға дейін жасалған еді.
Бразилиялық каталондықтардың негізгі ойыншысына айналдыРафинья "Барселона" сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол ағылшынның "Лидс Юнайтед" клубынан 58 миллион еуроға ауысқан. Осы уақыт ішінде бразилиялық футболшы каталондық команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ал қазіргі маусымды "көк-анарлылардың" негізгі капитаны мәртебесінде бастады.
Ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты үзіліске дейін Рафинья жоғары нәтижелілік көрсетті. Ол "Барселона" сапында сегіз матч өткізіп, 14 гол соқты және үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt футболшының нарықтағы құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.
"Барселона" Ла Лигада көш бастап тұрЛа Лиганың жеті турынан кейін Испанияның 29 дүркін чемпионы "Барселона" мүмкін болған 21 ұпайдың барлығын жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.
Каталондықтар келесі матчын 10 қазанда өз алаңында Испания чемпионатының сегізінші турында "Хетафеге" қарсы өткізеді.