Түркия футбол федерациясы 69 жастағы бас бапкер Шенол Гюнешті қызметінен босатты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Түркия әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 6 турында Нидерланды құрамасынан 1:6 есебімен ұтылды. Осыдан кейін бас бапкер қызметінен босатылды.
"Бас бапкер Шенол Гюнешпен кездесіп, біз екі жақты келісім бойынша жұмыс істеуді тоқтатуды жөн көрдік. Біз Гюнешке Түркия футболына қосқан зор үлесі үшін үлкен алғыс айтамыз", - деп жазды Түркия футбол федерациясының твиттер парақшасы.
Айта кетейік, 6 турдан кейін Түркия құрамасы 11 ұпай жинап G тобында үшінші орында келеді. Екінші орында Норвегия (13) құрамасы тұрса, көш басына Нидерланды (13) жайғасқан.