Ірі есеппен жеңіске жеткен "Астана" Еуропа Лигасының плэй-офф кезеңіне кезеңіне өтті

Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
"Астана" футболшылары Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында мальталық "Валлеттаны" тағы да ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Та-Калиде өткен ойын қонақтардың пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 28-минутында жартылай қорғаушы Серікжан Мужиковтің пасынан кейін форвард Роман Мұртазаев есеп ашты. Араға тоғыз минут салып "Астана" басымдығын ұлғайтты. 37-минутта хорват Марин Томасов қанжығасын майлады.






© "Астана" ФК

Үзілістен кейін "Астана" тағы екі гол салды. 68-минутта Мұртазаев дубль авторы атанған. Ал матчтың соңына қарай Томасов та ойындағы екінші голын соқты.

Естеріңізге салсақ, "Астана" 8 тамызда өткен бірінші матчта "Валлеттаны" 5:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша есеп - 9:1.

Енді Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінде "Астана" беларусьтік БАТЭ-мен кездеседі. Матчтар 22 және 29 тамызда өтеді. Қазақстандық клуб алғашқы матчты өз алаңында өткізеді. Бұл жұптың қай жеңгені топтық кезеңге жолдама алады.
Жаңалықтар