Qazsport "Фола" мен "Қайрат" кездесуін көрсетпейді. Телеарна мәлімдеме жасады

©сурет: Qazsport

"УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңі аясындағы "Фола" және "Қайрат" клубтары арасындағы бірінші матчтың телевизиялық түсірілімі болмайтындықтан, Qazsport телеарнасы бұл ойынның трансляциясын көрсетпейді. Люксембургтік клуб 3 камерамен интернет-түсірілім жасайды. Бірақ, ол халықаралық телевизиялық стандарттарға сай емес.

Сондықтан, кездесудің онлайн-трансляциясын "Қайрат" футбол клубы өзінің ресми YouTube арнасында көрсетеді.

Бірақ, 26 тамыз күні Алматыда өтетін қарымта (өз алаңындағы) кездесуді біздің телеарнамыз түсіріп, тікелей эфирде көрсететінін хабарлаймыз", - делінген телеарнаның инстаграм парақшасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: