Qazsport "Астана" мен "Қайраттың" еурокубоктегі қарымта ойындарын көрсетеді

©rakow.com

Qazsport телеарнасы Конференция лигасында ойнап жатқан қазақстандық клубтардың қарымта матчтарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ертең, 28 шілде күні "Астана", "Қайрат" және "Қызыл-Жар" командалары еурокубоктегі қарымта ойындарын өткізеді.

Елордалық ұжым 21:00-де өз алаңында "Ракувты" қабылдайды. "Қайрат" Мажарстанда "Кишвардамен" 22:00-де кездеседі. Ал "Қызыл-Жар" болса Хорватия жерінде жергілікті "Осиекпен" түнгі сағат 00:30-де ойнайды.

Матчар астана уақытымен басталады.

Qazsport телеарнасы барлық матчты тікелей эфирде көрсетеді. Онлайн трансляцияны спорттық арнаның ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport