Деле Аллидің беті соққы алғандықтан көгерген ұқсайды. Өзінен басқа үйде футболшының інісі мен тағы бірнеше адам болған. 24 жастағы спортшының үйінде бейнебақылау жүйесі бар. Қазір материалдар тергеуді бастап кеткен полицияға тапсырылды. Әзірге бұл іс бойынша ешкім тұтқындалмады.
Еске салайық, наурызда "Тоттенхэм" қорғаушысы Ян Вертонгеннің үйі де тоналған болатын. Футболшы ол кезде Чемпиондар лигасының "РБ Лейпцигке" қарсы матчінде болған. Daily Mail мәліметінше, үйге басып кірген төрт қарақшы футболшының әйелі Софи де Фриз бен екі баласын пышақ және мачетемен қорқытып, бағалы заттарды алып кеткен.