Футбол
14 мамыр 2020 13:41
 
Пышақ тақаған. "Тоттенхэм" футболшысына қарақшылық шабуыл жасалды

  Пікірлер

blog.share

Пышақ тақаған. "Тоттенхэм" футболшысына қарақшылық шабуыл жасалды Сурет: Sportbox

Англия құрамасы мен лондондық "Тоттенхэм" командасының жартылай қорғаушысы Деле Аллиге қарақшылылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Daily Mail.

13 мамыр, cәрсенбінің түнінде қарақшылар футболшының Барнеттегі үйіне басып кірген. Олар футболшыны пышақпен қорқытып, бетінен ұрған. Қылмыскерлер зергерлік бұйымдар мен бағалы сағаттарды алып кеткен екен. 

Деле Аллидің беті соққы алғандықтан көгерген ұқсайды. Өзінен басқа үйде футболшының інісі мен тағы бірнеше адам болған. 24 жастағы спортшының үйінде бейнебақылау жүйесі бар. Қазір материалдар тергеуді бастап кеткен полицияға тапсырылды. Әзірге бұл іс бойынша ешкім тұтқындалмады.

Еске салайық, наурызда "Тоттенхэм" қорғаушысы Ян Вертонгеннің үйі де тоналған болатын. Футболшы ол кезде Чемпиондар лигасының "РБ Лейпцигке" қарсы матчінде болған. Daily Mail мәліметінше, үйге басып кірген төрт қарақшы футболшының әйелі Софи де Фриз бен екі баласын пышақ және мачетемен қорқытып, бағалы заттарды алып кеткен. 

Жарнама

Живи спортом!