"Тоттенхэмнің" бас бапкері Антонио Конте жазда орнын босатуы ықтимал, деп хабарлайды "Чемпионат".
Клуб басшылығы команданың қазіргі жағдайына алаңдаулы, осы себепті италиялық маманның болашағы бұлыңғыр.
53 жастағы бапкер мен клуб арасындағы қазіргі келісімшарт 2023 жылы жазда аяқталуы тиіс және тағы бір жылға созу мүмкіндігімен жасалған. Егер команданың көрсеткіші жақсармаса, клуб оны созудан бас тарта алады.
Еске салайық, Конте "Тоттенхэм" командасын 2021 жылы жаттықтыра бастады.
АПЛ-дегі кейінгі тоғыз матчте "Тоттенхэм" бес рет ұтылды. 33 ұпай жинаған команда турнир кестесінде бесінші келеді.