Пушкаш сыйына үміткер. Англиялық футболшы Еуропа лигасында ғажайып гол салды

Сурет: Football-Fun
Шотландиялық "Рейнджерс" командасының жартылай қорғаушысы Кемар Руф Еуропа лигасының бірінші турындағы бельгиялық "Стандартқа" қарсы ойында ғажап гол салды,- деп хабарлайды "Р-Спорт".

Ойын соңына жақын англиялық футболшы допты алаң ортасына дейін апарып, қарсы команданың бірнеше ойыншысын алдап өтті де, допты қақпаға тепті. Қазірден бастап бұл гол Пушкаш марапатына ұсынылатыны айтылып жатыр.



Ал кездесудің өзі 2:0 есебімен шотландиялық клубтың пайдасына аяқталды. "Рейнджерс" командасының бас бапкері "Ливерпуль" мен Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Стивен Джеррард екенін айта кетейік.