ПСВ Коди Гакпоға 75 миллион еуро сұрап отыр

7 желтоқсан 2022 15:29
©FIFA

ПСВ клубының басшылығы Коди Гакпоның нарықтағы бағасын күрт өсірді. NOS басылымының хабарлауынша футболшыға қызығушылық танықтан командалар Гакпо үшін 75 миллион еуро төлеуі тиіс.

Трансфермаркет сайтында әлі күнге дейін Гакпоның трансферлік құны 45 миллион еуроны құрап отыр. Алайда ол Қатардағы әлем чемпионатында Нидерланды құрамасының сапында 3 гол салған. Ал Нидерланды командасы турнирдің 1/4 финалында Аргентинамен кездеседі.

Қазіргі таңда футболшыға "Манчестер Юнайтед" пен "Реал" тарапынан қызығушылық бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport