ПСЖ топтық кезеңді екінші орында аяқтады

©by.tribuna.com

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы 6-тур ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Туриндегі матчта "Ювентус" пен ПСЖ кездесті. Плей-офф раундынан үмітін үзген италиялық клуб соңғы ойында да жанкүйерлерін қуанта алмады. Парижден келген Кристоф Гальте шәкірттері 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелерінен Леонардо Бонуччи (39-минут) көзге түссе, қонақтардан Килиан Мбаппе (13-минут) пен Нуну Мендеш (69-минут) салған голдар қонақтарға жеңіс сыйлады.

Алайда ПСЖ бұл жеңісімен 14 ұпай еншілегенімен, Н тобының көшін бастай алмады. Небәрі екінші орын иеленді. Себебі голдар көрсеткіші бойынша "Бенфика" алға шықты. Португалиялықтар 6 турда 14 ұпай жинап, соңғы кездесуде Хайфаның "Маккабиін" 1:6 есебімен ойсырай ұтты.

3 ұпайы бар "Ювентус" турнирді Еуропа лигасында жалғастырмақ. "Маккаби" де 3 ұпай жинағанымен голдар көрсеткішімен ең соңғы орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport