ПСЖ тарихындағы ең мықты бомбардирдің трансферін бұғатап тастады

© Sportbox
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Эдинсон Кавани осы қыста мадридтік "Атлетико" сапына өте алмайды, - деп хабарлайды L'Equipe.

ПСЖ қаңтардағы кезеңде тарнсферге бұғау салды. Париждік клубтың спорт директоры Леонардо бұл туралы уругвайлыққа ескертіп қойған. 

Франциялық клуб маусымның қалған бөлігінде уругвайлыққа сенім артып отыр. Ал футболшы басқа клубқа енді тек жазда, ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғанда ғана өте алады. 

ПСЖ жеті бірдей футболшымен қоштаспақ

Мұның алдында Кавани "Атлетикомен" үш жылдық келісімшартты талқылаған. Форвард париждік командада осы маусымда ойын тәжірибесі аз болғандықтан клуб ауыстырғысы келеді. 

Бұл маусымда 32 жастағы Эдинсон Францияның 1-ші лигасында сегіз матчте ойнап, екі гол салған.

Кавани ПСЖ тарихындағы ең мықты бомбардир. Ол 291 матчте 198 гол соққан. Париждік клуб сапына футболшы 2013 жылы "Наполиден" өткен. Шабуылшының ол кездегі трансфері 64,5 миллион еуро еді.