ПСЖ Роналдуға қатысты шешім шығарды

©Reuters

Белгілі футбол агенті Жорже Мендеш португалиялық клиенті Криштиану Роналдуды ПСЖ басшыларына ұсынды. Бұл туралы Le Parisien басылымы мәлімдеп отыр.

Алайда париждік клуб 37 жастағы форвардтың қызметіне мұқтаж еместігін жеткізген. Осыған дейін БАҚ беттерінде Роналдудың Чемпиондар лигасында ойнайтын командада доп тепкісі келетіндігі жазылған еді.

Өткен жылы әлемнің ең үздік ойыншыларының бірі "Манчестер Юнайтед" сапында 38 матчта 24 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt.com сайтының мәліметінше, Криштианудың трансферлік құны 30 миллион еуроны құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport