ПСЖ президенті Мбаппеге қатысты мәлімдеме жасады

©twitter.com/PSG_English

"Пари Сен-Жермен" футбол клубының президенті Нассер Әл-Хелаифи шабуылшы Килиан Мбаппені командада алып қалғысы келетінін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Мен Килиан қалғанын қалаймын. Ол әлемдегі ең мықты ойыншы, ал Килиан үшін ең жақсы клуб - ол ПСЖ. 

Килианды жөніне қалдыруды сұраймын. Мен оған сенімдімін. Ол ешқашан клубқа қарсы амал істемейді. Оны жөніне қалдырыңдар, біз бір отбасындаймыз. Мен ойыншымды қорғап қалғым келеді. Командада әрбір футболшы маңызды, олар өте сезімтал адамдар, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын жағдайды ушықтыра бермеуін сұраймын", - деп береді Әл-Хелаифидің сөзін RMC Sport.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport