Футбол
Кеше 13:27

ПСЖ париждік дербиде күтпеген жерден ұтылып қалды

©x.com/PSG_English

"Пари Сен-Жермен" Лига 1-дің қорытынды, 34-туры аясында күтпеген жерден "Париж" командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Париж қаласындағы "Себастьян Шарлети" стадионында өтіп, алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Матчтағы барлық гол екінші таймда соғылды. Алғаш болып 50-минутта Брэдли Баркола мергендік танытып, "Пари Сен-Жермен" алға шықты.

Алайда алаң иелері жауапсыз қалмай, Алимами Гори 76 және 90+4 минуттарда дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, "Пари Сен-Жерме"н 76 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынды иеленіп маусымды аяқтады.

Ал "Париж" 44 ұпаймен 11-орынға тұрақтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport