Футбол
27 қазан 2021 16:37

ПСЖ ойыншысын жеңіл жүрісті бойжеткен тонап кеткен

©bitnovosti

Франция астанасында "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысын жеңіл жүрісті бойжеткен тонады, деп жазады Vesti.kz тілшісі Le Parisien басылымына сілтеме жасап. Алайда басылым ол нақты қай футболшы екендігін атамаған.

Оқиға 26 қазанда жергілікті уақытпен 20:00-де болыпты. Футболшы көлігімен Париждің батысында орналасқан Булон орманының жанына тоқтаған. Сол сәтте жеңіл жүрісті бойжеткен көліке отыра салысымен футболшының ұялы телефоны мен әмиянын қолды қылған.

Артынша бойжеткен спортшыға жекелеген жерге апарып тастаған жағдайда заттарын қайтарып беруге уәде берген. Нәтижесінде футболшы қыздың айтқанына көніп, айтқан жеріне апарған. Шығын 200 еуроға бағаланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport