Футбол
15 ақпан 2023 10:32

ПСЖ ойыншысы Чемпиондар лигасы тарихына атын жазды

©Scouted Football

"Пари Сен-Жерменнің" жартылай қорғаушысы Уоррен Заир-Эмери Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі матчіне негізгі құрамда шыққан ең жас ойыншы (16 жас 343 күн) атанды, деп хабарлайды Opta Sports.

Мәселен Лионель Месси мен Серхио Рамос Чемпиондар лигасында Заир-Эмери дүниеге келмей тұрып ойнаған екен. Ал Рамос тіпті Уорен туған күні (2006 жылдың 8 наурызында) "Реал" сапында "Арсеналға" қарсы 1/8 финал матчінде ойнапты. 

Еске салайық, ЧЛ 1/8 финалында ПСЖ өз алаңында "Бавариядан" ұтылды (0:1). Қарымта ойын 8 наурызда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport