"Пари Сен-Жермен" клубы мен шабуылшы Килианом Мбаппе арасындағы келісімшартты 2025 жылға дейін созу бойынша келіссөз тығырыққа тірелді, деп хабарлайды франциялық L’Equipe басылымы.
Мәлімет бойынша, клуб басшылығы 24 жастағы форвард келесі жазда еркін агент ретінде кеткісі келеді деп есептейді. Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін есептелген. Алайда бұл келісім құжатын тағы бір жылға созу опциясы бар.
Мұның алдында франциялық футболшы бұл опцияны қолданғысы келмейтіні белгілі болды. Мбаппе мадридтік "Реал" сапына өтуге жақын екені де айтылды. БАҚ бұл трансфер мадридтіктер қалтасын 224 + 56 миллион еуроға қағып алатынын да жазды.