ПСЖ-ның жаңа бапкері Неймарға үзілді-кесілді талап қойды
Луис Энрике "Пари-Сен-Жермен" клубының жаңа бапкері атанады. Испаниялық маман команданы қайта жасақтаумен айналысып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Луис Энрике "Пари-Сен-Жермен" клубының жаңа бапкері атанады. Испаниялық маман команданы қайта жасақтаумен айналысып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кей дерекөздердің мәліметінше, ол Неймармен де жеке сөйлесіпті. Бапкер футболшыдан алаңда да, алаң сыртында да, жөні түзу өмірге көшуін талап етіпті. Соның ішінде, Неймардың әке екенін және екінші рет әке атанғалы отырғанын салмақтап жеткізген екен.
Ал егер Неймар Парижде бақытсыз болса, осы жазда трансфер жасауды сұрауға болатынын айтқан. Испаниялық маман қалғысы келмеген жұлдыздарды командада күштеп ұстамақ емес екен.
Жарнама