Футбол
Бүгін 10:08
 

ПСЖ-ның Франция суперкубогы үшін матчінде сенсация болды

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ-ның Франция суперкубогы үшін матчінде сенсация болды ©Depositphotos/mrogowski_photography

"Ланс" футболшылары Франция Суперкубогы үшін өткен матчта "Пари Сен-Жерменді" ұтып, тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Ланс" футболшылары Франция Суперкубогы үшін өткен матчта "Пари Сен-Жерменді" ұтып, тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Ланста өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Жеңіс голын 32-минутта Флориан Товен соқты.

Бұл ретте екі команда да матчты толық құраммен аяқтай алмады. "Ланс" сапында 39-минутта Киллиан Антонио алаңнан қуылса, ПСЖ ойыншысы Нуну Мендеш 87-минутта қызыл қағаз алды.

Луис Энрике шәкірттері сан жағынан басымдыққа ие болғанына қарамастан, Робин Риссердің қақпасынан саңылау таба алмады. Париждіктердің гол соғуға бірнеше мүмкіндігі болғанымен, оларды пайдалана алмады.

Осылайша, "Ланс" клуб тарихында алғаш рет Франция Суперкубогын жеңіп алды.

Еске салайық, жаңа маусымдағы Лига 1 чемпионатының алғашқы турында "Ланс" 22 тамызда өз алаңында "Оссермен" ойнайды. Ал ПСЖ 23 тамызда өз алаңында "Реннмен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!