ПСЖ-ның экс ойыншысы Месси туралы шындықты айтты

©twitter.com/PSG_English

"Пари Сен-Жермен" және "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы Людовик Жюли париждік команданың қазіргі шабуылшысы Лионель Месси туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Месси енді барлық матчтарда ойнай алмайтынын білген жөн. Мәселен, Чемпиондар лигасы алдында біраз демалу керек болады. Мынандай жүйе - үш матч одан кейін бір демалыс. Месси Аргентина құрамасы үшін әлі де ойнағысы келтінін айтады, бұл қиындық тудыруы ықтимал. Белгілі бір жасқа келгенде сіздің қалыпқа келуіңіз баяулайды, сондықтан ұзақ сапар да әсер етеді. Мессиді көп сынады, бірақ ол ұтып алған әлем чемпионатын көргенде, оның жақсы дайындықпен келгенін байқадық. Міне ПСЖ келісімшартты ұзартқысы келсе, осыны ескерген абзал", - деп береді Жюлидің сөзін Goal.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport