Футбол
Бүгін 10:01

ПСЖ-ның Чемпиондар лигасының 7-турдағы матчі драмаға айналды

©L'Equipe

Франциялық «Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда португалиялық «Спортингтен»  ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Матчтағы барлық голдар екінші таймда соғылды. Алдымен 74-минутта Луис Суарес лиссабондықтарды алға шығарды. Араға бес минут салып, 79-минутта париждіктер сапынан Хвича Кварацхелия есепті теңестірді. Алайда 90-минутта Луис Суарес дубль жасап, «Спортингті» жеңіске жеткізді.

Бұл нәтиже бойынша 13 ұпайы бар ПСЖ Чемпиондар лигасының жалпы турнир кестесінде 5-орында тұр. Ал дәл осындай ұпай жинаған «Спортинг» 6-сатыға жайғасты.

28 қаңтардағы келесі турда ПСЖ өз алаңында ағылшындық «Ньюкаслмен», ал «Спортинг» сырт алаңда испаниялық «Атлетикпен» кездеседі.

Айта кетейік, ПСЖ 2024/25 маусымындағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport