Франциялық «Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда португалиялық «Спортингтен» ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Матчтағы барлық голдар екінші таймда соғылды. Алдымен 74-минутта Луис Суарес лиссабондықтарды алға шығарды. Араға бес минут салып, 79-минутта париждіктер сапынан Хвича Кварацхелия есепті теңестірді. Алайда 90-минутта Луис Суарес дубль жасап, «Спортингті» жеңіске жеткізді.
Бұл нәтиже бойынша 13 ұпайы бар ПСЖ Чемпиондар лигасының жалпы турнир кестесінде 5-орында тұр. Ал дәл осындай ұпай жинаған «Спортинг» 6-сатыға жайғасты.
28 қаңтардағы келесі турда ПСЖ өз алаңында ағылшындық «Ньюкаслмен», ал «Спортинг» сырт алаңда испаниялық «Атлетикпен» кездеседі.
Айта кетейік, ПСЖ 2024/25 маусымындағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
Жарнама