Бирмингемнің "Астон Вилла" клубының бас бапкері, испаниялық маман Унаи Эмери мадридтік "Реал" командасының тізгінін ұстауға үміткер ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
talkSPORT мәліметінше, 54 жастағы маман клубтың қысқа тізіміне енгізілген және қазіргі бапкер Альваро Арбелоаның орнын басуға басты кандидаттардың бірі саналады.
"Астон Вилладағы" жағдайЭмери ағылшын клубын 2022 жылдың күзінен бері жаттықтырып келеді. Оның келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды. Дегенмен, Бирмингем клубындағы қаржылық шектеулерге байланысты испаниялық маман "Реалдан" түсуі мүмкін ұсынысқа қызығушылық танытуы ықтимал.
Қазіргі таңда "Астон Вилла" Англия Премьер-лигасында (АПЛ) 35 турдан кейін 58 ұпаймен бесінші орында тұр.
Еурокубоктағы өнеріКоманда Еуропа лигасында да жарысты жалғастырып жатыр. Жартылай финалда "Вилла" "Ноттингем Форестпен" ойнауда: алғашқы матчта 0:1 есебімен жеңіліп, қарымта ойын 7 мамырға жоспарланған.
Эмеридің тәжірибесі мен жетістіктеріБұған дейін Унаи Эмери Испанияда "Альмерия", "Валенсия", "Севилья" және "Вильярреал" клубтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар, оның мансабында мәскеулік "Спартак", франциялық"Пари Сен-Жермені" және лондондық "Арсеналдағы" еңбегі бар.
Испаниялық маман Еуропа лигасы тарихындағы ең табысты бапкерлердің бірі саналады — ол бұл турнирді төрт рет жеңіп алған (үшеуі "Севильямен", біреуі "Вильярреалмен"). Сондай-ақ, ПСЖ-мен бірге Франция чемпионы атанып, ұлттық кубоктарды жеңіп алған.