ПСЖ форварды Неймар жарақат салдарынан төрт айға дейін қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл шабуылшының маусым соңында ойнай алмайтынын білдіреді.
"Кейінгі жылдары Неймар оң жақ аяғының тобығынан төмен қарай тұсын бірнеше рет жарақаттады. 20 ақпанда буыны созылғаннан кейін, команданың медициналық штабы операция жасайту керек деген кеңес берді. Бұл жарақаттың қайталанбауы үшін қажет. Мамандардың бәрі бұл шешімді қолдап отыр.
Операция жақын арада Дохада жасалады. Ойыншының қатарға қосылу уақыты шамамен - үш-төрт ай", - делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.