ПСЖ клубы шабуылшы Лионель Мессимен келісімшартты ұзартуы мүмкін екен, деп жазады L'Équipe.
Алайда бір шарт бар - ол үшін аргентиналық футболшы еңбекақысын қысқартуға келісу керек.
Әзірге футболшының ісін жүргізетін оның әкесі мен клуб басшылығы шарттар бойынша мәмілеге келе алмай отыр. Ал келіссөздер барған сайын ушығып жатыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда Месси "Барселонаға" оралады деген қауесет басылар емес. Бұл тақырып испаниялық БАҚ-та жиі айтылуда. Алайда каталондық клубтың өзі форвардқа ешқандай ұсыныс жасамады.
Месси ондықта да жоқ. Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жасалды