ПСЖ Мессидің орнын басатын футболшыны тапты

29 қыркүйек 2022 02:08
©Globallookpress

"Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы Бернарду Силва ПСЖ командасында ойнап жүрген Лионель Мессидің орнын алмастыруы мүмкін, деп жазады Чемпионат.

Алғашында париждіктер Бернарду Силваға қызығушылық танытпаған. Себебі жазғы трансферлік маусымда Карлос Солер мен Фабиан Руис сынды футболшыларды қатарға қосқан еді.

Алайда Силваны "Монакодан" бері жақсы танитын ПСЖ спорттық директоры Луис Кампос португалиялықтың қатарға қосылғанын қалайды. Оның үстіне БАҚ беттерінде Мессидің жақында "Барселонаға" қайта оралатыны жайлы ақпараттар шығуда. Сондықтан Бернарду Силва келесі жылы спорттық карьерасын Франция чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Еске салайық, Аргентина құрамасының капитаны 2021 жылы ПСЖ клубына ауысып, 34 матчта 10 гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport