ПСЖ Мессиді сапына қосқалы қыруар табысқа кенелуде

23 желтоқсан 2021 10:22
©Sportbox

Шабуылшы Лионель Месси франциялық "Пари Сен-Жерменге" өтісімен, клуб аргентиналықтың аты жазылған футболка сатудан өзіндік рекорд жасапты. Бұл туралы Goal хабарлап отыр.

Клуб директорларының бірі Марк Армстронгтің сөзінше, 34 жастағы футболшы париждік клубқа келісімен оның аты жазылған миллионға жуық футболка сатылыпты. Ал пандемия болмағанда бұл көрсеткіш еселене түсер еді.

"Месси – қаржылық тамаша актив. Біздің түсімге керемет әсер етуде. Біздің спорттық өнімге сұраныс орасан. Егер көбірек футболка тіге алсақ, мұнан да көбірек сатар едік", - дейді Армстронг.

Сонымен қоса, Мессидің трансфері арқасында париждік клуб жаңа серіктестер мен демеушілер тарта алған екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport